Оңтүстік Кореяда тағы 256 адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда тағы 256 адам коронавирус жұқтырды

28.02.2020
Оңтүстік Кореяда тағы 256 адам коронавирус жұқтырды

Оңтүстік Корея тағы 256 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғанын мәлімдеді. Осылайша елде дертке шалдыққандардың саны 2022-ге жетті. Қазіргі уақытта індеттен 13 адам көз жұмды.

256 оқиғаның 182-і Тэгу қаласында, ал 49-ы көршілес Солтүстік Кенсанда тіркелген.

Коронавирустың ушығуына байланысты Сыртқы істер министрлігі осы елде жүрген қазақстандықтарға үндеу жолдап, сақ болуға шақырды.

Жалпы, коронавирус 46 елге таралған. Қытайдан тыс жерде індеттен 57 адам қайтыс болған.

Ал Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2788-ге жетті. 78 824 адам дертке шалдыққан. 36 117 адам емделіп, ауруханадан шығарылды.

Нигерияда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Елдің денсаулық министрлігі Лагос штатының тұрғыны вирус жұқтырғанын растады. 

Фото: ria.ru

Хабарламаларға жазылу