Ауғанстанда қар мен суықтан 20 шақты адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда қар мен суықтан 20 шақты адам қаза тапты

13.01.2020

Ауғанстанда жауған қалың қар мен суықтан 20 адам қаза тапты. Тағы 20 шақтысы зардап шеккен. Құрбандардың ішінде балалар да бар.

Ел астанасы Кабулде ауаның температурасы 15 градусқа төмендеді. Ал елдің өзге бір бөлігінде қар мөлшерден тыс көп жауып, көшкін қаупі төніп тұрса, кейбір аудандарды нөсер жауыннан тасқын жайлаған. Сондықтан ірі жолдар жабылып, елді мекендерді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатыр. Күннің осынша суытуынан көршілес Пәкістанда да 30 адам қайтыс болған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу