Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров, сенаторлар Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов Қарағанды облысындағы «АрселорМитталТеміртау» компаниясының қызметімен және жұмысшылардың еңбек жағдайымен танысты. Депутаттар зиянды қалдықтарды азайту бойынша заманауи технологияларды енгізу жөніндегі Президент атап көрсеткен шараларды қабылдау қажеттігіне кәсіпорын басшылығының назарын аударды. Сондай-ақ сенаторлар Қарағанды медициналық университетінің клиникалық базасы, нөмірі бірінші көпсалалы ауруханасында болып, ондағы ахуалмен танысты. Шарада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөніндегі заңнамадағы жаңалықтарды талқылауға ерекше мән берілді. Өңірде пилоттық жобада жұмыс істеген жүйенің алғашқы нәтижелері депутаттарға көрсетілді.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ