Жаңа жылдың басты кейіпкері - Аяз атаны жақсы білетін жандар Бельгияда тұрады. Ерлі-зайыпты Кристиан мен Мартиннің топтамасында Аяз атаның 600 түрі бар. Коллекционерлер үлкен-кішіге жаңажылдық көңіл-күй сыйлау үшін жылда мереке алдында шағын мұражайын тегін көруге шақырады. Әсемдігімен бірінен-бірі өтетін ойыншықтарды көппен бірге тілшіміз Нұрсұлу Қасым да көріп келді.