Қазақстандық 40 содыр мен олардың әйелдері террористік ұйымдарда жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық 40 содыр мен олардың әйелдері террористік ұйымдарда жүр

12.12.2019

Қазақстандық 40 содырмен қоса олардың 65 әйелі шетелдегі бірқатар террористік ұйымдарда жүр. Ал Алматы мен Қарағанды облыстарындағы радикалдық топ мүшелері 3 лаңкестік акт жасауды ойластырған. Бірақ олардың жолы кесіліп, айыптылар 6-дан 18 жылға дейін сотталды. Жалпы, осыған дейін терроризм мен діни экстремизмге қатысы бар 140 адамға үкім шыққан. Адасудан сақтап, теріс жолға түскендердің санасын сауықтыру мақсатында 5 жылға арналған мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері еліміз үшін лаңкестік қауіп-қатер әлі де өзекті екендігіні айтады.

Нысаналы ЫҒЫЛ



Хабарламаларға жазылу