Қазақстанда 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейі белгіленді

06.06.2016
Қазақстанда 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейі белгіленді

Жағдайды ескере отыра ҚР ҰҚК төрағасы генерал-лейтенант В.З. Жұмақанов ел аумағында 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейі белгілегенін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

«ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік ақпараттар мониторингі жүйесі мен террорлық акт қаупінің тууы туралы тұрғындарға хабарлаудың мемлекеттік жүйенің ұйымдастырылуы мен істеуі ережесінің 4 тарауына сәйкес  Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейі белгіленген», - деп хабарлады ҚР ҰҚК.

Хабарламаларға жазылу