2011 жылдан бері Қазақстанда 10-нан астам террористік оқиға тіркелген

25.09.2014
2011 жылдан бері Қазақстанда 10-нан астам террористік оқиға тіркелген

Бүгін Сенатта «Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.

Құжаттың басты мақсаты - террористік ұйымдардың жолын кесуге ықпал ету.

Бас прокуратураның келтірген деректеріне сүйенсек,  2011 жылдан бері Қазақстанда  10-нан астам террористік оқиға болып, 21 адам қаза тапқан. Оның 17-і - құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлері.

Сондай-ақ, еліміздің 100-ден астам азаматы шетелдік террористік ұйымдардың ықпалында жүр.

Индира БЕГАЙДАР
 

 

Хабарламаларға жазылу