Хельсинкиде «Қазақстан әйелдері: тарих және қазіргі заман» фотокөрмесі ашылды

05.12.2014
Хельсинкиде «Қазақстан әйелдері: тарих және қазіргі заман» фотокөрмесі ашылды

Хельсинки қаласындағы «Каясте» көркемөнер галереясында «Қазақстан әйелдері: тарих және қазіргі заман» фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараны Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі мен Қазақстанның Іскер әйелдер ассоциациясы ұйымдастырып отыр.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында өтіп жатқан фотокөрме екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды оқиға болды. Іс-шараның негізгі мақсаты - қазақстандық әйелдердің әлеуеті мен олардың демократия және гендерлік теңдікті дамытудағы белсенді үлесін көрсету.

Фотокөрмені қонақтардың назарына ұсынылған қазақстандық әйелдердің бейнелерімен «Туған жерімнің әйелдері» әйгілі көркемөнер шеберлерінің альбомдары толықтырды.

Ашылу салтанатында Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев, Финляндияның Сыртқы істер министрлігінің Гендерлік теңдік бойынша Елшісі Тарья Репонен және «Жұлдыз» Орталық Азия қауымдастығының басшысы Мавлюда Пейпонен сөз сөйледі.

Көрменің ашылу салтанатына Финляндияның сыртқы істер, мәдениет және білім министрліктерінің, қазақ диаспорасының, «Қазақстан достары» клубының өкілдері және қазақстандық студенттер қатысты.

Фотокөрмемен танысуға ниет білдірушілер үшін галереяның есігі апта бойы ашық болады.

Хабарламаларға жазылу