«Еуразиядағы көші-қон». Осындай атаумен Мәскеуде жетінші халықаралық конференция басталды. Онда ежелден тек көрші емес, стратегиялық әріптес мемлекетке айналған Ресеймен ынтымақтастық жайлы әңгіме өрбіді. Тарихшылар алысты алаламайтын, жақынын жараламайтын қазақ халқының жүздеген жылдар бұрын дипломатиялық қатынасқа ерекше ден қойғандығын тілге тиек етті. Жиында ЕАЭО мүше елдердің еңбек нарығын реттеу ерекшеліктері мен Еуразиялық кеңістіктегі көші-қон мәселесі талқыланды.
Индира БЕГАЙДАР