Президент Тараз қаласының әкімін жұмыстан босатуды тапсырды
«Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін қала әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Таразда бұрын істі болған қаскөй мектеп оқушысын зорлап кеткен болатын. Осы жолғы қылмысы үшін ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл жағдайдан кейін мектеп директоры және бірнеше адам жұмыстан қуылып, облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кеткен.
Саламат Омаш
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Барселонада автобустар Димаштың концерттік плакаттарымен безендірілген
22.10.2025, 10:16

Шымкентте Республика күніне орай ерекше челлендж өтті
22.10.2025, 10:12
Өзбекстан импорт көлемін арттыруға мүдделі
22.10.2025, 10:10
Ресейдің 35 мың еңбек мигранты депортацияланды
22.10.2025, 10:08
Трамп пен Путин жақын арада кездеспейді
22.10.2025, 10:06
2026 жылдың қаңтарынан бастап салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 10:03
Астанада Мәжілістің жалпы отырысы басталды
22.10.2025, 10:00
«Қайрат» пен «Пафос» тең түсті: Алғашқы ұпай – қоржында
22.10.2025, 10:00