Енді мекенжай анықтамасы сұралмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді мекенжай анықтамасы сұралмайды

02.10.2019

1 қарашадан бастап елімізде мекенжай анықтамасы алынып тасталады. Ондағы ақпарат енді барлық мемлекеттік органдардың базасына кіріктіріледі. Бұл туралы электронды үкіметтің цифрлық жаңашылдықтарының таныстырылымы кезінде айтылды. 

Қазақстан бойынша осы мекенжай анықтамасын алу үшін 10 миллион адам Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді екен. Болашақта жылжымайтын мүліктің бар жоқтығы, псих-нарко және туберкулезге қарсы диспансерлердің анықтамасы, жұмыссыз ретінде тіркелу сияқты анықтамалар да жойылуы мүмкін. Ал тұрғындар тарапынан ең көп сұралатын құызмет түрлері телефон қосымшасы арқылы ұсынылмақ.

Абылайхан Оспанов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

20-дан астам мемлекеттік қызметтің түрі осы мобильдік қосымшадан алуға мүмкіндік бар. Яғни, электронды цифрлы қолтаңбаны қолданып, SMS-құпиясөз арқылы.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу