Шамалған станциясындағы жол апатынан зардап шеккен екі бүлдіршіннің бірі комадан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шамалған станциясындағы жол апатынан зардап шеккен екі бүлдіршіннің бірі комадан шықты

23.09.2019

Шамалғандағы темір жол апатынан зардап шеккен 5 жасар қыз есін жиды. Дәрігерлер бүлдіршінді тыныс алу аппаратынан ажыратып, нейрохирургиялық бөлімшеге ауыстырды.

Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, оның жағдайы бірқалыпты, динамикасы тұрақты. Ал үш жасар екінші қыздың жағдайы әлі де ауыр. Ол қазір жасанды тыныс алу құрылғысы арқылы дем алуда. Айта кетейік, екеуі де қаладағы балаларға арналған шұғыл жәрдем орталығында жатыр. Ал олардың анасы 7-ші емханада. Оған тағы да операция жасалуы мүмкін.

Дінмұхамед Рузуддинов, Балаларға жедел жәрдем көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

Қазір бала өз есінде. Тамағын ішіп жатыр. Сөйлеп жатыр. Әлі де емін қабылдап жатыр. Бірақ мынау көп сөйлемейді. Шаршап қалады бала.

Аманкелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу