Жолдаудың жүзеге асуына бірінші басшылар жауап береді. Бүгін Президент Жолдауын жүзеге асырудың жалпыұлттық жоспары бекітілген Үкімет отырысында Асқар Мамин осылай деді. Премьер-Министрдің сөзінше, бекітілген жоспар жолдаудағы негізгі бес бағыт бойынша дайындалды. Атап айтқанда: қазіргі заманғы тиімді мемлекет, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі және мықты өңірлер- мықты ел. Аталған бағыттар жалпы алғанда 81 іс-шарадан тұрады. «Сондай-ақ ұсынған құжаттарды Мемлекет басшысы бекіту үшін Президент әкімшіліге шұғыл енгізуді тапсырамын»,- деді Премьер-Министр.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Президент құжатты бекіткеннен кейін мемлекеттік органдар мен әкімдіктер алға қойылған міндеттерді дереу шешуге кірісуі керек. Жалпы ұлттық жоспардағы шаралардың орындалуына бірінші басшылар жауап береді. Бізден нақты нәтиже күтілуде.
Саламат ОМАШ