Президент 9 жастағы оқушының эстафетасын қабыл алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент 9 жастағы оқушының эстафетасын қабыл алды

09.07.2019

Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы қыздың ұсынысын жерге тастамай, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай оның  «Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқып берді. Бұл бейне Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Өлеңді мәнерлеп оқып болған соң Президент эстафетаны үш адамға жолдады. Олар: Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және әнші Димаш Құдайберген.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Биыл 30 мамырда данышпан Абайдың 175 жылдығын республикалық деңгейде атап өту жөнінде арнайы Жарлыққа қол қойдым.

Абай мұрасы – біздің қастерлі қазынамыз.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ —

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой —

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Альбина ӘШІМ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу