Ұлықпан Жолдасов: Қазір рухты көтеретін әндер азайды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлықпан Жолдасов: Қазір рухты көтеретін әндер азайды (ВИДЕО)

24.11.2017

Бүгінгі «Сазгер» бағдарламасының қонағы – белгілі әнші әрі музыкант, композитор Ұлықпан Жолдасов. Ол елімізде ең алғаш болып аудиоальбомды жарыққа шығарған. Аталмыш шоудың шымылдығын Мейрамбек Бесбаев «Анашым» әнімен ашты. Ұлықпан Жолдасов осы әннің шығу тарихымен бөліссе, Мейрамбек Бесбаев әнді орындағанына қуанышты екенін жеткізді.

«Қай пендеге болсын анадан асқан асыл адам болмайды. Ұлықпанның анасына арналған әні бірден маған қона салғандай болды. Ағам үшін ең қымбат әнді орындағаныма қуаныштымын», - деді ол.

«Ұлттың рухын көтеретін әндердің сапасына көңіліңіз тола ма?» деген сауалға сазгер өз ойын білдірді.

«Қазір түрлі әндер шығып жатыр. Бірақ, Ескендір Хасанғалиев, Кеңес Дүйсекеев, Шәмші Қалдаяқов сынды ағаларымыздың әндеріндей туындылар шығара алмай жатырмыз. Барынша тырысқанмен,  марш емес, эстрадаға кетіп қаламыз. Рухты көтеретін әндер азайды», - дейді.

Бағдарлама барысында Айқын Төлепберген сазгердің «Ойламауға бола ма?» атты жаңа әнін шырқады.

Хабарламаларға жазылу