Жыл басынан бері Қазақстанға 15 мыңға жуық оралман келді - ҚР ДСӘДМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері Қазақстанға 15 мыңға жуық оралман келді - ҚР ДСӘДМ

05.08.2016
 Жыл басынан бері Қазақстанға 15 мыңға жуық оралман келді - ҚР ДСӘДМ

2016 жылғы 1 шілдедегі мәліметтерге сәйкес республикаға 6840 отбасы немесе 14 947 этникалық қазақ көшіп келіп, оралман мәртебесін алды.  

Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 66,7 пайызы Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 23,6 пайызы Қытайдан, 4,2 пайызы Түрікменстаннан, 2,4 пайыз Моңғолиядан және 3,1 пайызы өзге елдерден оралған қандастарымыз.

Оралмандардың басым бөлігі Алматы облысына – 2364 отбасы (4729 адам), Оңтүстік Қазақстан облысына – 1572 отбасы (3044 адам), Маңғыстау облысына– 506 отбасы (2311 отбасы), Жамбыл облысына – 620 отбасы (1254 адам), Шығыс Қазақстан облысына – 369 отбасы (778 адам), Акмола облысына – 272 отбасы (571 адам), Қарағанды облысына – 221 отбасы (431 адам), Қостанай облысына– 154 отбасы (296 адам), Ақтөбе облысына– 51 отбасы (237 адам), Павлодар облысына – 90 отбасы (231 адам), Атырау облысына – 84 отбасы (145 адам), Солтүстік Қазақстан облысына – 45 отбасы (102 адам), Батыс Қазақстан облысына – 6 отбасы (26 адам), Қызылорда облысына – 15 отбасы (24 адам), Астана қаласына – 341 отбасы (549 адам), Алматы қаласына – 130 отбасы (219 адам) қоныстанды. 

Министрлік мәліметтері бойынша, елге оралған қандастарымыздың 64,2 пайызы еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері - 29,7%, зейнеткерлер – 6,1% құрайды. Еңбекке жарамды оралмандардың 10,8%-ның жоғарғы білімі бар болса, 17,8%-ында орта арнаулы білім бар, 68,1% - жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 3,3%-нің білімдері жоқ.

Хабарламаларға жазылу