ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда 1 маусымда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда 1 маусымда өтеді

31.05.2016
ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда 1 маусымда өтеді

Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бұрынғы ректоры, Айқан Ақановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда 1 маусымда өтеді. Бұл туралы бүгін аталмыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қаралы жиын таңғы сағат 10.00-де «Конкордия» театрында өтеді.

«Қазақстанның денсаулық сақтау саласы орны толмас қазаға ұшырады. 2016 жылы 30 мамырда ҚазҰМУ бұрынғы ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, отандық денсаулық сақтау саласының дамуына зор үлес қосқан көрнекті ұйымдастырушы, еліміздегі ең ірі медицина университетін 8 жыл басқарған ұстаз - Айқан Ақанұлы Ақанов кенеттен қайтыс болды. Айқан Ақановтың жарқын бейнесі Қазақстанның медицина қауымы өкілдері, әріптестері, туыстары мен достары, қолынан білім алған, бірге істес болған адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады», - делінген университеттің хабарламасында.  

А. Ақанов 30 мамыр күні 65 жасында кенеттен қайтыс болды.  
Айқан Ақанұлы Ақанов 1951 жылы 28 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілі Малшы ауылында туған. Медицина ғылымдарының докторы (1994ж), профессор (1994ж), ҚР Валеология академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын 

(қазіргі Қазақ ұлттық медицина универститеті), 1984 жылы Алматы шет тілдері институтын ( қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) бітірген.

Әр жылдары Алматы облысы Текелі қаласының Кеген ауданында дәрігер (1972-1978), Кардиология ғылыми-зерттеу инститында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім жетекшісі (1978-1994) болып қызметтер атқарған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ғылымы орталығы директорының орынбасары (1994-1995 ), басқарма бастығы (1995-1996), бөлім меңгерушісінің орынбасары (1996-1997).

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі (1997-2001 және 2004-2008 жылдар аралығында).

Ал, 2008 жылдан 2016 жылдың ақпанына дейін С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры болған. 2016 жылы 5 ақпанда Елбасы Өкімімен қызметінен босатылған.

«Эпидемиология, Қазақстанның ауыл тұрғындары арасындағы созылмалы жұқпалы аурулардың алдын алу» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

250-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

Хабарламаларға жазылу