Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілдеде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілдеде өтеді

20.07.2018
Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілдеде өтеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қол жүлдегері Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең 21 шілде күні өтеді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоштасу рәсімі сағат 10-00-де «Балуан Шолақ» спорт сарайында басталады.

Айта кетейік, белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілдеде пышақтан алған жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды. Белгілі болғандай, белгісіз біреулер спортшының көлігінің айнасын ұрлауға әрекеттенген. Оқиға Алматыда Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі сағат 15:00-дер шамасында болған. Қазір оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жатыр.

Спортшының қазасына байланысты «QAZSPORT» телеарнасы Деннис Теннің қатысумен өткен бағдарламаларды қайталап ұсынуда.

Хабарламаларға жазылу