Алматыда қоғам қайраткері Сағидолла Құбашевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоғам қайраткері Сағидолла Құбашевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді

20.04.2016
 Алматыда қоғам қайраткері Сағидолла Құбашевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді

Алматыда белгілі қоғам жəне мемлекет қайраткер Сағидолла Құбашев 90 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы қалалық əкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Марқұмды бақилық сапарға шығарып салу рəсімі бүгін Фурманов көшесі 220-шы үйде өтеді.

С.Құбашев 1927 жылы 10 ақпанда Атырау облысының Индер ауданында дүниеге келген.

1949 жылы зоотехникалық-ветеринарлық институтты тəмамдаған.

1953-1960 жылдары Индер ауданының «Передовик» ауылында колхоз председателі болған.

1960-1963 жылдары Гурьев облыстық депутаттар кеңесі атқару комиетінің төрағасы болған.

1975-1979 жылдары Қазақ министрлер кеңесін, Ақтөбе, Қызылорда облыстық атқару комитеттерін басқарған.

Қазақстан компартиясының XI, XII, XIII, XIV, XV,XVI съездерінің мүшесі болған. 1987-1988 жылдары компартияның орталық комитеті бюросының мүшесі болған.

Ел дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар мемлекеттік марапатқа ие болған.

Хабарламаларға жазылу