Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Принстон Университетінің грант иегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Принстон Университетінің грант иегері атанды

26.05.2016
 Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Принстон Университетінің грант иегері атанды

Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Ахметжанова Айжан Принстон Университетінде (Princeton University) тегін оқуға мүмкіндік беретін толық гранттың иегері атанды. Айжанның тандаған мамандығы Civil Engineering.

Айжанның айтуынша АҚШ-та оқу оның балалық арманы болған, ал оған қол жеткізуге Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу себеп болған. Осындай мектепте оқып ол әлемдік деңгейде танымал университеттерінің бірі болып саналатын Принстон Университетінің студенті атанды. Болашақта Айжан өз елімізге оралып болашақ мемлекетіміздің өркендеуне үлесін қосатынына сенімдіміз.

Грант алудың негізгі талаптары  бойынша  халықаралық емтихандар жоғары көрсеткіштері болатын. Сонымен біздің оқушымы: SAT Reasoning – 2140/2400, Physics, Maths, Chemistry – 800/800. TOEFL PBT -657/677, IELTS 8.5/9.0 сынақтарынан өте жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізген.

 

Хабарламаларға жазылу