Нобель сыйлығының лауреаттары Назарбаев Университетінде дәріс оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нобель сыйлығының лауреаттары Назарбаев Университетінде дәріс оқиды

23.05.2016
Нобель сыйлығының лауреаттары Назарбаев Университетінде дәріс оқиды

25 мамырда Назарбаев Университетінде Астана экономикалық форумының «Spring Astana Economic School» арнайы бағдарламасы аясында Нобель сыйлығының лауреаттары дәріс оқиды. Бұл туралы форум ұйымдастырушылары хабарлады.

Атап айтқанда Аризона штаты университетінің профессоры, Миннеаполис Федеративтік резерв банкінің экономисі Эдвард Прескот, Лондон экономика мектебінің профессоры Кристофер Писсаридес,  Нью-Йорк және Принстон университеттерінің профессоры Томас Серджент дәріс оқитындығы күтілуде.

Дәріске Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері, сондай-ақ Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері мен оқытушылары және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.

Хабарламаларға жазылу