23 мамыр күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек республиканың батысы мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Жамбыл, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел 15-20 м/с болады. Алматы облысында15-20 м/с жел, күндіз найзағай, шаңды дауылмен күшейеді. Қызылорда облысы аймағында күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі. Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, жел 15-20 м/с.