Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендей бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендей бастайды

26.05.2021

Ертең, яғни мамырдың 27-інде, Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында ауа температурасы төмендейді. Оған Қара теңіз аумағынан келетін антициклон ықпал етеді. Күндіз сынап бағанасы 27 градусқа дейін түседі. Ауа райы орталық және шығыс аймақтарда да күрт өзгеруі мүмкін. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Елдің оңтүстік бөлігінде еш өзгеріс болмайды деген болжам бар.


Хабарламаларға жазылу