7 аймақта дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 аймақта дауылды ескерту жарияланды

12.03.2018

Қазақстанның жеті аймағында алдағы үш күнде дауылды ескерту жарияланды. Ертең Қостанай өңірінде ауа райы күрт өзгереді. Боран соғып, секундына 15-20 метрге дейін жел соғуы ықтимал. Ал, Қызылорда, Қарағанды облыстарының оңтүстік бөлігінде жаңбыр жауады. Жоғары температура бірнеше күн жалғасатындықтан, қар жылдам еріп, жазық даланы су шаюы мүмкін. Наурыздың 13-15-і аралығында Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде нөсерлі жаңбыр жауады. Мұз еріп, өзен арналарының ағыны күшеймек. 14-15 наурызда Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады. Жылы ауа райы біраз күн сақталатындықтан, қар еріп, су деңгейі арнасынан асуы мүмкін.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу