Журналистер арасында жыл сайын өткізілетін «Нұр Сұңқар» республикалық байқауы жарияланды

21.05.2016
Журналистер арасында жыл сайын өткізілетін «Нұр Сұңқар» республикалық байқауы жарияланды

«2015 жылғы 1 қыркүйектен 2016 жылғы 19 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар және де жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері түрлі жанрларда (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және басқалары) қабылданады», - делінген хабарламада. 

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні - ағымдағы жылдың 20 маусымы. Жеңімпаздар биылғы маусымда Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңында елордамыз - Астана қаласында марапатталады.
Осылайша, жеңімпаздар 8 номинацияда анықталатын болады:

1. «Ерекше пікір» - Ең үздік телевизиялық журналист;

2. «Сөз шебері» - Ең үздік газет журналисі;

3. «Қоғам үні» - Ең үздік радио журналисі;

4. «Медиа-профи» - Ең үздік ақпараттық агенттік журналисі;

5. «Көзқарас» - Ең үздік блогер;

6. «Аймақ айнасы» - Ең үздік өңірлік корреспондент;

7. «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуге қосқан үлесі үшін»

8. «Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін»

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылатын болады.

Материалдарды Байқаудың ұйымдастыру комитетіне келесі мекен-жайға жолдау керек: 010000, Астана қаласы, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, Д.Қонаев көшесі, 12/1, №705 каб., тел.: +77172 70 76 01, +77172 55 55 63, электрондық пошта мекен-жайы: nursunkar2016@nurotan.kz.

 

Хабарламаларға жазылу