«Нұр Отан» партиясы журналистер арасындағы дәстүрлі «Нұр Сұңқар» республикалық байқауын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясы журналистер арасындағы дәстүрлі «Нұр Сұңқар» республикалық байқауын жариялады

29.05.2017
«Нұр Отан» партиясы журналистер арасындағы дәстүрлі «Нұр Сұңқар» республикалық байқауын жариялады

«Нұр Отан» партиясы журналистер арасындағы дәстүрлі «Нұр Сұңқар» республикалық байқауын жариялады. «Нұр Сұңқар» – партия мен БАҚ өкілдері арасындағы өзара әріптестікті нығайту мақсатында қазақстандық журналистерге берілетін жүлде.

 

Байқауда қоғамның экономикалық, саяси және рухани жаңғыруына және партияның жұмысын ақпарат құралдарында насихаттауға белсене ат салысып жүрген барша журналистер бақ сынай алады.

 

Байқауға әртүрлі жанрдағы материалдар қабылданады. Нақты айтқанда, 2016 жылдың 1 қыркүйегі мен 2017 жылдың 16 маусымы аралығында жарияланған очерктер, сұхбаттар, мақалалар, телевизиялық репортаждар, радио бағдарламалары, әлеуметтік зерттеу және тағы басқаларын жолдауға болады. Сондай-ақ, жарияланымдар мен бағдарламалар циклі де қабылданады.

 

Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2017 жылдың 16 маусымы (қабылдау күні). Жеңімпаздарды марапаттау шарасы Астана қаласында 2017 жылдың 22 маусымында болады.

 

Оларды 8 аталым бойынша байқау комиссиясы анықтайды. Яғни, «Ерекше пікір» аталымы бойынша ең үздік телевизиялық журналист марапатталады. Ал «Сөз шебері» аталымы – ең үздік газет журналисіне, «Медиа-профи» аталымы – ең үздік интернет басылым журналисіне, «Аймақ айнасы» аталымы – ең үздік өңірлік корреспондентке, «Халық дауысы» аталымы – қазақтілді ең үздік телевизиялық журналиске беріледі.

 

Одан бөлек, Елбасы бастамаларын халыққа түсіндіруге қосқан үлесі үшін және партия қызметі туралы ең үздік материал жазған журналистке де арнайы аталымдар тапсырылады. Байқаудың Ережесі туралы толық мәліметті «Нұр Отан» партиясының сайтынан ала аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу