Маусымның 28-і байланыс және ақпарат қызметкерлері күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маусымның 28-і байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

25.06.2015
Маусымның 28-і байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

Қазір Астанадағы «Мюзик холлда» дәстүрлі «Нұр Сұңқар» байқауы өтуде. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен бұл шара осымен 6-рет ұйымдыстырылуда.

«Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпаздарын марапаттау басталды. «Нұр Сұңқар» -  партия мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында әріптестік пен ынтымақтастықты дамытуға үндейтін, ел аумағындағы журналистерге арналған ашық байқау.

Мұнда еліміздің саяси өмірі мен экономикасы, елдегі өзекті тақырыптарды көтеріп жүрген журналистер марапатталады.  Қазір  9 номинация бойынша үздіктер анықталуда.

Олар «Ең үздік телевизиялық журналист», «Ең үздік газет журналисі», «Ақпараттық агенттік журналисі», «Үздік блогер», «Үздік өңірлік тілші», «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін» және «Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін» номинациялары бойынша сый-сияпатқа ие болады.

Ең қуаныштысы олардың қатарында «Қазақстан» Ұлттық арнасының журналисі Еркін Таңатқанұлы да бар. 

Еркін Таңатқанұлы, «APTA.KZ» бағдарламасының жетекшісі, «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы:

Бұл жүлде туралы бір-екі күн бұрын алып қалуың мүмкін деген ақпарат естіп едім. Ал, нақты ақпартты бүгін түс ауа естідім. Әрине, қуаныштымын. Бұл сыйлық мен үшін үлкен бір белес, үлкен жетістік. Осындай жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік берген корпорацияның басшылығына, менің әрбір жеңісіме қуанып, кем-кетігіме мұңайып отыратын әкем Таңатқанға, осы жетістікке жетуіме көмектескен әріптестеріме алғысым зор. Әріптестерімді мерекемен құттықтаймын.

Биылғы шараның ерекшелігі -  тұңғыш рет радиожурналистер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпты көтерген журналистер де марапатталмақ.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу