Алматы облысының әкімі Амандық Баталов журналистерге облыс әкімінің жүлдесін табыс етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов журналистерге облыс әкімінің жүлдесін табыс етті

24.12.2014
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов  журналистерге облыс әкімінің жүлдесін табыс етті

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жыл сайын облыс әкімінің жүлдесіне өткізілетін журналистер байқауының жүлдегерлерін марапаттады. Шығармашылық байқау барысында тілшілердің кәсібилігіне және мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын насихаттауға мән берілді.

Кездесу барысында облыс басшысы журналистерге әріптестік байланыс және облыс өміріндегі жаңалықтарды, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын тұрақты насихаттағандары үшін ризашылығын білдірді.

Байқауда республикалық, облыстық және аудан-қалалардағы БАҚ-тардың 73 журналисі 12 номинация бойынша жүлдегер атанды. Жеңімпаздарға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Хабарламаларға жазылу