«Нұр Сұңқар» жобасының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Сұңқар» жобасының жеңімпаздары анықталды

26.06.2020

«Nur Otan» партиясы журналисттерге арнаған ең ауқымды «Нұр Сұңқар» жобасының жеңімпаздарын жариялады. Аталған байқау биыл 11-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын аясы кеңейіп, беделі артып отырған жобаға осы жылы 130-дан аса қатысушы 355 материал жіберген. Алайда марапат пен 1 миллион теңге тек 9 адамға бұйырды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әлеуметтік желі арқылы жеңімпаздарды құттықтады. Оза шапқандар арасында ұлттық арананың үш тілшісі бар.  


Хабарламаларға жазылу