Астанада соғыс ардагеріне пойызбен жүруге арналған дисконттық карта берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада соғыс ардагеріне пойызбен жүруге арналған дисконттық карта берілді

15.04.2016
Астанада соғыс ардагеріне пойызбен жүруге арналған дисконттық карта берілді

Олар Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Жүнісбек Кәрімовтың шаңырағына барып, сыйларын тарту етті.

Қарт майдангерге «Тұлпар-Тальго» пойызымен жүруге жеңілдіктер беретін жаңа дисконттық карта табысталды.

Мұндай карта ардагерлерге алғаш рет берілді. Бірақ, бұл соңғысы емес. Оның көмегімен билет құны 99 пайызға арзан түседі. Ал, ардагер болса берілген сыйлыққа емес, бөлінген көңілге разы.

Айта кетейік, Жүнісбек Кәрімұлы 1944 жылы 18 жасында майданға аттанып, Берлин шайқасына қатысқан. Сұрапыл соғыстан кейін 47 жыл теміржолда еңбек етіпті.

Хабарламаларға жазылу