Соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

21.11.2014
Соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Орал қаласында соғыс ардагері Екатерина Крыловаға құрмет көрсетілді. Майдангер қария 90 жасқа толып отыр.

17 жасында майданға аттанған Екатерина Семенқызы, санитарлар бригадасының командирі болды. Жүздеген жаралы жауынгерді шайқас алаңынан алып шығып, өміріне араша түсті.

Қайсар қыздың Сталинград майданындағы ерлігі үлгі тұтарлық. Ол командирі оққа ұшып абдырап қалған бір рота сарбазды басқарып, жауға қарсы ұрыс салған еді.

Осы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденіне ие болды. Жеңістің жетпіс жылдығына арналған жиында соғыс ардагерінің өңіріне төсбелгі тағылды.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу