Өскеменде соғыс ардагеріне пәтер кілттері берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде соғыс ардагеріне пәтер кілттері берілді

07.05.2016
Өскеменде  соғыс ардагеріне пәтер кілттері берілді
Анастасия Павловна Шығыс Қазақстанның Күршім ауданында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ленинградтағы 26-шы Қызыл Тулы байланыс полкында қызмет етіп, жауынгерлік ерлігі үшін көптеген орден және медальмен марапатталған.

94 жастағы майдангер әжеге бір бөлмелі пәтердің кілтін Елбасының атынан облыс әкімі Даниал Ахметов табыс етті. Осы салтанатты шара барысында, аудан мен қалалардан шақырылған басқа ардагерлерге де құрмет көрсетіліп, барлығына қаржылай сыйақының сертификаты берілді.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу