Соғыс ардагерлеріне 2,6 млрд теңгеден астам қаржылық көмек берілді

08.05.2019

Жеңіс күні мерекесіне орай 88 мыңнан астам соғыс ардагеріне 2,6 миллиард теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда 1425 соғыс ардагері бар. Сондай-ақ, елімізде Ленинград блокадасында болған, тыл еңбегіне араласқан, концлагерге қамалған 87 мың ардагер тұрып жатыр.

Осы ардагерлерімізге арналған материалдық көмектің ең көп көлемі Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына берілді. Ақмола, Павлодар облыстарының ардагерлеріне 500 мың теңгедей көмек көрсетілсе, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан өңірінің қарияларына 300 мың теңге берілді. Ал, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан аймағында және Алматы мен Шымкент қаласында тұрып жатқандарға 250 мың теңгеден берілді. Сыр өңіріндегі ардагерлерімізге 202 мың, ал Қостанай, Жамбылдағыларға 150 мың теңге қаржы бөлінген.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу