Қазақстандықтардың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары

09.06.2019

Таңғы сағат 7:00-де басталған саяси аламан әлі де жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі 11 миллионнан астам дауыс берушілердің 66 %-ы өз таңдауын жасап үлгерген. Толығырақ Орталық сайлау комиссиясынан тікелей байланысқа шығып тұрған әріптесім Ғабит Бөкенбай баяндайды.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:  

Дауыс беру белсенді жүріп жатыр деп топшылауға болады. Ақмола облысы бойынша 75,1%-ы,  Ақтөбе облысы бойынша сайлаушылардың 79,7%-ы,  Алматы облысы бойынша 78,9%-ы дауыс берді деген хабарды ұсынамыз. 

Байқап тұрғандарыңыздай Орталық сайлау комииссиясында ине шаншар орын жоқ. Отандық қана емес, шет елдік журналистер де қызығушылық танытып отыр. 

Хабарламаларға жазылу