Президент сайлауы: Әр кандидатты қолдау үшін 118 273 сайлаушының қолы жиналуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауы: Әр кандидатты қолдау үшін 118 273 сайлаушының қолы жиналуы тиіс

26.09.2022

Президенттікке үміткер кандидат ретінде тіркелу үшін кем дегенде 118 мың 273 адамның қолын жинау керек. Бұл дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың 1 пайызы. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. 2022 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша елімізде 11 млн 827 мың 277 сайлаушы бар. Үміткерлер 11 қазан кешкі сағат 18:00-ге  дейін өзін ұсына алады. Бұдан соң кандидаттарды тіркеу, үгіт-насихат секілді шаралар басталады. Сайлау заңнамасы негізінде қол қою парағын беру мерзімі қысқартылды.

Асылбек Смағұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Қол қою парақтары Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін күнтізбелік 2 күн ішінде беріледі. Аумақтық сайлау комиссияларының кандидатты қолдайтын қолдардың растығын тексеру мерзімі күнтізбелік 10 күннен 5 күнге дейін қысқартылады.


Хабарламаларға жазылу