Павлодарда «Наурыз аруы» атты облыстық қыз сыны байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Наурыз аруы» атты облыстық қыз сыны байқауы өтті

18.03.2016
Павлодарда «Наурыз аруы» атты облыстық қыз сыны байқауы өтті

Павлодардағы «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығында өткен «Наурыз аруы» атты облыстық қыз сыны байқауы өтті. Бас жүлдені баянауылдық Карина Төлеу жеңіп алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жеңімпазға тиесілі тәжді «Шаңырақ» орталығының директоры, қазылар алқасының төрағасы Ермұрат Тілегенов табыстады.    

Ал, 1-ші орынға Павлодар ауданының намысын қорғаған Салтанат Романова лайықты деп танылды. Сайыста 2-ші орынды Самал Сәрсенбекова (Майқайың кенті) иеленсе, Сымбат Шаймардан (Ақтоғай ауданы) 3-ші орынға ие болды.

Жалпы сымбатты арулар байқауына әр ауданнан 17-23 жас аралығындағы 14 бойжеткен бақ сынады.

Айта кетерлігі, Баянауыл ауданы облыстық қыз сыны байқауында үшінші жыл қатарынан бас жүлдеге ие болып отыр. Былтыр Мөлдір Майбасова, ал 2014 жылы Жансұлу Болат Павлодар облысының ең әдемі қызы атағын жеңіп алған.

Хабарламаларға жазылу