Үнді қызы «Ғалам аруы» атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үнді қызы «Ғалам аруы» атанды

13.12.2021

Үндістандық Харнааз Сандху «Ғалам аруы» атанды. Сұлулық байқауы Израильдің Қызыл теңіз жағалауындағы порттық қаласы Эйлатта өтті. Биыл 70-мәрте ұйымдастырылған конкурсқа жер шарының 80 елінен 80 қыз қатысты.

21 жастағы жеңімпаз Үндістанның Чандигарх қаласында модель болып жұмыс істейді. Ал екінші және үшінші орындарды Оңтүстік Африка мен Парагвай өкілдері иеленді.

Айта кетсек, «Алматы аруы» Азиза Тоқашова осы байқаудың жартылай финалына қатысқан.

Арыстан Рысбек

ғалам аруы Харнааз Сандху Үндістан

Хабарламаларға жазылу