«Қызылорда аруы - 2014» конкурсында 12 бойжеткен бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қызылорда аруы - 2014» конкурсында 12 бойжеткен бақ сынайды

13.10.2014
«Қызылорда аруы - 2014» конкурсында 12 бойжеткен бақ сынайды

Қызылордада "PetroKazakhstan" спорт кешенінде өңірлік «Қыз аруы - 2014» конкурсына іріктеу кезеңі  болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шараға «Қазақстан аруы» ұлттық конкурсының президенті Алена Ривлина, «Қызылорда аруы» өңірлік конкурсының директоры Алма Абенова және биші Лариса Соловьевалар қазылық етті.

Іріктеу сынына 38 қыз қатысып, 15-і келесі кезеңге өтті. Отбасылық жағдайына байланысты 3 қыз қатысудан бас тартқан.

1 қарашада Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында өтетін «Қызылорда аруы - 2014» өңірлік конкурсында 12 бойжеткен бақ сынағалы отыр.

Хабарламаларға жазылу