«Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына орай қолға алынған үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы жалғасуда. Байқаудың төртінші айналымында тыңдармандар назарына 12 жаңа ән ұсынылды.
«Аңсаған арман» - «Әдемі-ай» тобы
«Есімде» - Сырым Исабаев
«Пысық келін» - Айгүл Әдиханова
«Кетпе» - Асқар Жайлаубаев
«Сағындым» - Бибігүл Сауытова
«Сүйеді екем» - Досымжан Таңатаров
«Айтпайды бәрі де» - Қайнар Қатпай
«Жаным» - «Астана» тобы
«Махаббатым» - Әнел Мұсабекова
«Мен ғашықпын» - Индира Расылхан
«Жасай бер, қазағым» - Арай Асқап
«Айналайын» - «Бауырлар» тобы
Ереже бойынша, shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған әуен жылдық байқауға жолдама алады. Сондай-ақ, тыңдалым көрсеткіші бойынша үздік шыққан ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады.
Жобаның ерекшелігі - үміткердің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады. Сондай-ақ, байқауға қатысуға әуесқой әншілердің де мүмкіндігі бар екенін естеріңізге саламыз. Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар.
Айта кетейік, бағдарлама әуе толқынына әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-де шығады.
Сөзі маржан, әуені әсем, жүрекке жылы жаңа әнді бірге анықтайық!