Өтініштердің басым бөлігі Тұрғын үй басқармасына жолданды. Осы сала бойынша келіп түскен өтініштер саны - 86, Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына - 45, Жолаушылар көлігі басқармасы мен «Астана LRT» ЖШС – 43, сондай-ақ, Жергілікті полиция қызметіне – 35 өтініш келіп түсті.
Басқарма басшылары Астана тұрғындарының сұрақтарына тиісті жауаптар қайтарып, тұрғындар қалалық қызметтердің жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар, басқармалардың басшылары биылғы жылға арналған жоспарларға тоқталып, өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды.
Айта кетейік, елорда тұрғындары өз сауалдарын кез келген уақытта Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарларына жолдай алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.