Басты Жаңалықтар Алматы облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқандар анықталды

Алматы облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқандар анықталды

Алматы облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқандар анықталды

Алматы облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқандар анықталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бордта 5 адам болған.

Бортта 1 ұшқыш, екі дәрігер және 2 айлық сәби мен анасы болған. Шақалақ болжам бойынша аққан ауруына шалдыққан. Аудандық аурухана мамандары бүлдіршінге көмектесу үшін облыстағы дәрігерлерден көмек сұраған. Бортта болғандардың бәрі қаза тапқан. Мәйіттер сот-медициналық сараптамасы үшін Талдықорғанға жеткізілген.

«Бүгін таңертең сағат 8-де Қапал елді мекенінен 3 шақырым жерде тікұшақ сынықтары табылды. Ұшақ бортында болғандардың барлығы қаза тапқан. Төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Біздің жедел желіге бүгінге дейін 135 адам туғаны туралы ақпарат алу үшін хабарласты»,- деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан ИМАНҚҰЛОВ.

Еске сала кетсек, Алматы облысында 27 қаңтар күні тікұшақ жоғалып кеткен-ді. Үшарал қаласынан Талдықорғанға бет алған санавиация тікұшағының құлаған жері анықталды. Іздеу жұмыстарына 18 құтқару тобы жұмылдырылған. 

Бөлісу