Нигерияда газ жарылып, 100-ден астам адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда газ жарылып, 100-ден астам адам мерт болды

25.12.2015
Нигерияда газ жарылып, 100-ден астам адам мерт болды

Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Куәгерлердің сөздерінше, жарылыс 24 желтоқсан, бейсенбі күні жергілікті тұрғындардың рождество мерекесіне арналған дастарханға ас дайындау үшін газды автоцистернадан баллондарға құю кезінде болды. Өртті сөндіруге бірнеше сағат кетті. 

Жарылыстың басты себебі тұрғындар газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Өрттен қатты зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

«Мерт болғандардың көпшілігі адам танымастай болып күйіп кеткен. Мен, тіпті оларды туыстарының да тани алатынына күмәнданамын»,-дейді куәгерлердің бірі.   

Қызыл Крест ұйымының баспасөз хатшысы Петр Качидің айтуынша, газ өңдейтін зауыт түгел бұзылған. Сонымен қатар, бірнеше үйге зақым келген.

2006 жылдың мамыр айында Нигерияның Лагос қаласындағы шағын ауыл арқылы өтетін мұнай желісінде жарылыс болып, 100-ден астам адам зардап шекті. 

Хабарламаларға жазылу