Ресейде тұрғын үйде газ жарылып, 5 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде тұрғын үйде газ жарылып, 5 адам жараланды

26.10.2021

Ресейдің Набережные Челны қаласында 5-қабатты үйде газ жарылып, 8 пәтер бұзылған. Ал жараланғандардың саны бесеуге жетіп, жалпы алғанда 90-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Жарылыс 70 жастағы азаматтың үйінде болған. Оның себебі әзірге белгісіз.

Ресейде мұндай апаттар ешкімге таңсық емес. Өйткені инфрақұрылым ескіріп, қауіпсіздік ережелері үнемі сақтала бермейді.

Мәселен, қыркүйекте Ногинск қаласында дәл осындай оқиғадан 2, Липецк облысында 3 адам мерт болды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу