Ақтауда газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды

13.01.2023

Ақтауда газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды. Төтенше оқиға кеше кешкісін қаладағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде болды. Ғимарат өртенгенде 6 тұрмыстық газ баллоны жарылған. Өрт сөндірушілер тағы 17 газ баллонды далаға шығарып үлгерді. Қызыл жалын шамамен жарты сағатта өшірілген. Өртенген жердің аумағы 50 шаршы метрді құрайды. Оқиға салдарынан сол жерде жұмыс істейтін 1 әйел мерт болды. Тағы 3 адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.

Жандос Кенжебаев, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы:

Өрттің салдарынан айналасында тұрған ғимараттар ешқандай зардап шеккен жоқ. Бұл станцияда қызмет көрсету көлігі жекеменшік болғандықтан онда газ баллондардың неліктен тұрғаны бізге белгісіз. Қазір осы өрт жағдайы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында анықталатын болады.


Хабарламаларға жазылу