Қазақстандық самбошылар Әлем чемпионатында 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық самбошылар Әлем чемпионатында 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль иеленді

16.11.2015
Қазақстандық самбошылар Әлем чемпионатында 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль иеленді

Мароккода спорттық және әскери самбодан Әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан Ұлтты құрамасы турнирде 8 медаль иеленді. Оның 3-і алтын, 3-і күміс және 2-і қола жүлде.

Жарыстың 1-ші күні Бейімбет Қанжанов (52 келі) Әлем чемпионы атанса, Темірлан Ықсаңғалиев (74 келі) пен Айгүл Байкулева (48 келі) күміс медаль иеленді.

Жарыстың 2-ші күні команда қоржынына Гауһар Тұрмаханова (52 келі) тағы бір күміс жүлде қосты.

Ал, жарыстың соңғы күні Алмас Сүлейменов (52 келі) пен Арман Оспанов (68 келі) әскери самбодан Әлем чемпионы атанса, Есет Қуанов (62 келі) пен Ділдәш Күрішбаева (68 келі) Ұлттық құрамаға қола жүлде әкелді.

Осылайша самбодан Қазақстан Ұлттық құрамасы әскери самбодан жалпыкомандалық 3-ші орын иеленді. Ал, 1-ші орынды Ресей алса, 2-ші сатыға Болгария құрамасы жайғасты.

Айта кетейік, Мароккода өткен самбодан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 8 жүлде ұтып алды. оның 3-і алтын, 3-і күміс және 2-і қола медаль.

Хабарламаларға жазылу