Мемлекеттік хатшы: Елімізде қосымша білім беру ісін дамытудың маңызы зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы: Елімізде қосымша білім беру ісін дамытудың маңызы зор

06.11.2015
Мемлекеттік хатшы: Елімізде қосымша білім беру ісін дамытудың маңызы зор

Оқушылар сарайын аралап көру кезінде Г.Әбдіқалықоваға Қазақстан Республикасында балаларға қосымша білім беруді дамытудың стратегиялық тәсілдерінің жобасы таныстырылды.

Қазақстан Президенті  ұсынған бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында білім беру жүйесін жаңғырту жөнінде нақты міндеттер қойылған.

Қосымша білім беру ісі қазіргі уақытта оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, балалар мен жасөспірімдердің білімін, шығармашылық әлеуетін арттыруға, рухани-шығармашылық құндылықтарын нығайтуға септігін тигізеді. Ол қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтуға және дамытуға, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.

Оқушылар сарайын аралау барысында Мемлекеттік хатшыға «Менің кәсібім» атты кәсіптік бағдарлау блогының жобалары таныстырылды. Олар қазіргі кезде «Қазақстан темір жолы» және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компанияларымен ынтымақтастық арқылы табысты іске асырылуда.

Сонымен қатар, Г..Әбдіқалықова ұлттық интерактивті паркті,
3D-технологиялар қолданылатын сфералық және планетарлық көрініс түрінде проекцияланған планетарийді, обсерваторияны, роботты техника зертханасын аралап, классикалық балет секцияларының, халық аспаптары үйірмесінің жұмысымен  танысты. Сондай-ақ Мемлекеттік хатшыға әртүрлі үйірмелерге қатысушылар әзірлеген «жасыл технологияларды» ілгерілету аясындағы ғылыми жобалар таныстырылды.

Соңында жас журналистер тобы өздерінің алғашқы кәсіби сұхбатын өткізді. Г.Әбдіқалықова жас тілшілердің көкейінде жүрген барлық сауалдарына жауап берді.

Жалпы, Мемлекеттік хатшы Оқушылар сарайының жұмысын оң бағалап, Астанада және еліміздің басқа да өңірлерінде балаларға өзін-өзі дамыту үшін бірдей мүмкіндік жасау мақсатында қосымша білім беруді дамытудың маңызын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу