Тараздық спортшы Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздық спортшы Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды

05.11.2015
Тараздық спортшы Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды

Бұл туралы аталған оқу орнының Баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан мәлім етті.

78 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен бойжеткен ақтық сында отандасына жол беріп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

22 жасар спортшы бұған дейін аталған спорт түрінен Әлем чемпионы атанған. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің жүлде қоржынында жалпы саны 61 медаль бар.

«Антонина 9 жылдан бері аталған спорт түрімен айналысады. Ол осы уақыт аралығында спорттық карьерада үлкен жетістіктерге жетіп үлгерді. Алдағы уақыттар белесінде халықаралық деңгейдегі додаларда жеңіс тұғырынан көрінетіне шүбәміз жоқ», - дейді оның жаттықтырушысы Асан Сүлейменов.

Айта кетейік, 2015 жылдың қазан айының 29-31 жұлдыздары аралығында Тараз қаласында қол күрестен Азияның ашық кубогы өтті.

Байрақты бәсекеге Азияның 21 елінен 277 спортшы қатысты. 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу