Дариға Шәкімова бокстан Азия чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дариға Шәкімова бокстан Азия чемпионы атанды

13.08.2015
Дариға Шәкімова бокстан Азия чемпионы атанды

Чемпионаттың финалына шыққан  жалғыз отандасымыз, 75 келідегі Дариға Шәкімова финалдық бәсекеде қытайлық Ли Кюаньды 3:0 есебімен жеңіп, екінші рет Азия чемпионы атанды.

Осыған дейін ол 2010 жылғы Азия чемпионатында 69 келіде чемпион атанған.

Айта кетейік, Гауһар Ермекбай (69 кг), Мөлдір Базарбаева (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева ( + 81 кг) Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Хабарламаларға жазылу