AIBA Pro Boxing турнирінің 60 келіге дейінгі жекпе-жектері Астанада өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

AIBA Pro Boxing турнирінің 60 келіге дейінгі жекпе-жектері Астанада өтеді

09.10.2014
AIBA Pro Boxing турнирінің 60 келіге дейінгі жекпе-жектері Астанада өтеді

Халықаралық бокс қауымдастығының жаңа жобасы – AIBA Pro Boxing (APB) турнирінің 60 келіге дейінгі салмақта кездесулерін қабылдайтын қала анықталды. Дода Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

APB-дің алғашқы маусымы төрт кезеңнен тұрады. Жекпе-жектер (6 раунд) елімізде 24 қазан, 21 қараша, 20 желтоқсан күндері өтсе, финал (8 раунд) 2015 жылдың 30 қаңтарына жоспарланған, деп хабарлайды sk-sport.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2011 жылғы Еуропа чемпионатының финалисі Дмитрий Полянский (Ресей), 2013 жылғы Әлем біріншілігінің финалисі Робсон Консесайо (Бразилия), 2009 жылғы Әлем чемпионы, Әлем чемпионаттарының бес мәрте жүлдегері Доменико Валентино (Италия), Хуршид Тожибаев (Өзбекстан), Артур Бриль (Германия), Азиада-2014 аламанының жеңімпазы Чарли Суарез (Филиппин), 2009 жылғы Еуропа чемпионы Дэвид Джойс (Ирландия) бақ сынайды.

Бұл салмақта Қазақстан намысын алғашқы кездесуін Джойспен өткізетін 2013 жылғы Әлем біріншілігінің қола жүлдегері Берік Әбдірахманов қорғайды.

Сонымен қатар, Әлем чемпионы Біржан Жақыпов (49 келі) пен Азиада-2014 турнирінің жеңімпазы Ілияс Сүлейменовке (52 келі), Олимпиада ойындары мен әлем біріншілігінің жүлдегері, 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Әділбек Ниязымбетов (81 келі) пен 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Антон Пинчукке (91 келі) де артылған сенім мол.

 

Фото: studioskylab.com

Хабарламаларға жазылу