Теннис. Вавринка – Австралия ашық біріншілігінің жеңімпазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннис. Вавринка – Австралия ашық біріншілігінің жеңімпазы

26.01.2014
Теннис. Вавринка – Австралия ашық біріншілігінің жеңімпазы
Швейцария теннисшісі Станислас Вавринка Австралия ашық біріншілігінің жеңімпазы атанды. Ол финалда әлемнің бірінші ракеткасы, испандық Рафаэль Надальді 6:3, 6:2, 3:6, 6:3 есебімен ұтты. Матч 2 сағар 18 минутқа созылды.
 
Станислас Вавринка Австралия ашық біріншілігінде бірінші рет топ жарды. Бұған дейін оның ең жақсы көрсеткіші – АҚШ ашық біріншілігінің жартылай финалы. Сонымен қатар,  теннисші АТР аясында өткен 8 турнирде жеңіске жеткен.
 
Швейцариялық спортшы бұл жеңісі үшін 2 миллион 308 мың АҚШ долларына ие болды. Сондай-ақ әлемдік рейтингтің 2000 ұпайын жинады.

Хабарламаларға жазылу